Екінші орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Калеб Плант (20-0, 12 КО) орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Планттың айтуынша, оның командасы екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы Каллум Смитке жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасаған, сонымен қатар, Головкинмен де байланысқа шыққан.
Айта кетейік, 2017 жылы мамырда Плант қазақстандық Али Ахмедовпен (16-0, 12 КО) спарринг өткізген еді. Боксшылар жоспар бойынша алты раунд жұдырықтасуы керек болған, бірақ америкалық боксшы төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген.