Шүменов ауруханаға түсті. Кубалық боксшымен кездесу өтпейтін болды

Шүменов ауруханаға түсті. Кубалық боксшымен кездесу өтпейтін болды © instagram.com/beibutshumenov

Бірінші ауыр салма?та WBA т?жырымы бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Бейбіт Ш?менов же?іліп к?рмеген кубалы? боксшы Юниер Дортикоспен ?тетін жекпе-жектен жара?ат алуына байланысты бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов жеңіліп көрмеген кубалық боксшы Юниер Дортикоспен өтетін жекпе-жектен жарақат алуына байланысты бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда спортшыға Лас-Вегас қаласында жедел ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша ол тек 30-40 күннен кейін ғана жазылады екен. Ота жасалғаннан кейін оны ауруханадан шығарған, ол үйінде ем алып жатыр. 

"Құрметті жанкүйерлер! Сіздер сияқты, мен де 29 сәуірдегі жекпе-жегімді қатты күттім. Барымды салып дайындалдым. 390 раундтық спаррингтен өттім. Қарсыласымды нокаутпен ұтуға дайын болдым. Кезекті жаттығуымда ойламаған жерден көзімді жарақаттап алдым. Жаттығудағы қарсыласымның қолы көзімнің қарашығын сырып кетті. Дәрігерлер шұғыл операция жасамасақ, көру қабілетіңнен айырыласың деді. Операция жасаттым. Сәтті өтті. Енді 30 күн бойы ем қабылдауым керек. Осылайша жекпе-жегім кейінге қалып отыр. Амандығымды тілеп, уайымдап отырған жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Біз бірге жеңіске жетеміз!", - деп жазды Шүменов Instagram желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Шүменов-Дортикос арасындағы жекпе-жек сәуірдің Лас-Вегас қаласында өтуі керек болған. KazSport арнасы осы кездесуді тікелей эфирден көрсетуді жоспарлаған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама