ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2020 | 15:27
Супер ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық нокаутшы Германиядағы жекпе-жек туралы айтты
Супер ауыр дивизиондағы қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында келесі жекпе-жегін Германияда өткізу мүмкіндігі жайлы айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Супер ауыр дивизиондағы қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында келесі жекпе-жегін Германияда өткізу мүмкіндігі жайлы айтты.
Жекпе-жек 4 шілде Гамбургте жоспарланған болатын. 31 жастағы боксшы бұл кездесудің белгіленген уақытында өтеріне сенімді екен.
Кособуцкий биыл бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, Дубайдағы кездесуде ол ганалық 29 жастағы Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген.
"Жоспар бойынша 4 шілдеге дайындалып жатырмын", - дейді боксшы.
Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада кеш өткізген болатын. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также