27 наурыз 2020 | 15:10

Супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы мамырда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Сурет: Shamo Boxing Promotions

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін мамырда өткізуі мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіпқой боксшы коронавирус жоспарына кедергі келтірмейтініне үміттенетінін айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін мамырда өткізуі мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіпқой боксшы коронавирус жоспарына кедергі келтірмейтініне үміттенетінін айтты. 

Қазақстандық 31 жастағы Жан Кособуцкий биыл бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, ол кездесуде боксшы ганалық 29 жастағы Абрахам Табулдыны (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Реклама
Реклама

"Мамырда Гамбургте жекпе-жек өткізуім мүмкін. Коронавирусқа байланысты карантинді ұзартпаса. Қарсылас? Бірнеше боксшы бар, бірақ нақты шешілген жоқ", - дейді Кособуцкий.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұл қалада бұрын да жекпе-жек өткізген. Былтыр қарашада Жан хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутқа түсіріп, IBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған болатын

Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада жекпе-жек өткізген. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная