"Суперчемпион" Головкинмен өтетін алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

fightnews.info

WBA Super бойынша титул иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) өтетін алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиодағы Saitama Super Arena-да өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Головкин - өзім қатты құрметтейтін боксшы. Оны жеңіп, орта салмақтағы ең мықты чемпион екенімді дәлелдегім келеді. Осы жекпе-жекке келіскеніне ризамын", - деді Мурата.

Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында поляк Камил Шереметаға (21-2, 5 КО) қарсы өткізді. Қазақстандық қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тарту нәтижесінде жеңді.

Реклама
Реклама

Мурата кейінгі рет канадалық Стивен Батлермен (28-3-1, 24 КО) 2019 жылдың желтоқсанында кездесті. Бұл жекпе-жек жапон боксшысының пайдасына аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама