"Шығып, қазақ боксын көрсетемін". Әлімханұлы жеңіліп көрмеген боксшымен спарринг өткізді

Жәнібек Әлімханұлы.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) АҚШ-та өтетін жекпе-жек алдында жеңіліп көрмеген германиялық боксшы Кем Киличпен спарринг өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық 25 жастағы боксшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі 28 қыркүйекке белгіленді. Кездесу Окландта (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді. Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы жаттығу лагерінде дайындалып жатыр.

"Менің қарсыласым 11 жекпе-жекті жеңген. Өте мықты боксшы. Рингке шығып, оған қазақ боксын көрсетемін", - дейді Әлімханұлы.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста алғаш рет 2016 жылдың қазанында жұдырықтасқан болатын. Нәтижесінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама