ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2019 | 16:00
Танымал промоутер Қазақстанда бокс кешін өткізуі мүмкін
Танымал промоутер Боб Арум әлемнің түрлі елінде бокс кешін өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал промоутер Боб Арум әлемнің түрлі елінде бокс кешін өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Бокс нарығы әлем бойынша ауқымы кең. Бізде ESPN және ESPN+ үшін 30 бос күн бар. Мен соның ең кемі шет елдерде өткенін қалаймын.
Хосе Рамирес жақында Қытайда жекпе-жекке шығады. Егер Карл Фрэмптон келесі жұдырықтасуын сәтті аяқтаса, Джамелом Херринг екеуі Белфаста жекпе-жекке шығады. Қазақстанда да болуы мүмкін, сонымен қатар Шешенстан Республикасы да қызығушылық танытып отыр", - дейді промоутер.
Боб Арумның сөзінше, ол сәтін салса кез келген мемлекетте бокс кешін ұйымдастыруға дайын екен.
⠀
Показать комментарии
Читайте также