Теренс Кроуфорд әлем чемпионы атағын қорғады

Теренс Кроуфорд әлем чемпионы атағын қорғады

Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд жартылай орта салмақта бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд жартылай орта салмақта бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол литвалық Эгидиюс Каваляускаспен кездесті. Қос боксшы Нью-Йорк қаласындағы Мadison Square Garden аренасындаөткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты. 

Жетінші раундта Кроуфорд Каваляускасты нокдаунға түсірді, ал тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді. 

Жарнама
Жарнама

Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы осымен 36 кездесуін өткізіп, 27 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. 

Айта кетейік, Кроуфорд осы кездесуде жеңіске жеткен жағдайда орта салмақта ауысатынын айтқан еді. Бұл дивизионда IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин де бар.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама