Тимур Құлыбаев Головкинді 35 жасқа толуымен құттықтады

?лтты? Олимпиада комитетіні? ж?не ?аза?стан бокс федерациясыны? президенті Тимур ??лыбаев Геннадий Головкинді 35 жас?а толуымен ??тты?тады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің және Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді 35 жасқа толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сені туған күніңмен құттықтаймын! Сен қазақстандықтар үшін жойқын күштің және өзіне-өзі сенімді адамның символы болып қаласың және ең бастысы - сен бүкіл әлемді мойындатып, жеңістерге жеткен ашық және ақ пейілді қарағандылық жігіт болып қала бересің.

Сен ең танымал және белгілі қазақстандық боксшысың, күші мен жеңілмеуімен үлгі болатын жарқын символға айналдың. Сенің әлемдегі мыңдаған жанкүйерің саған ұқсағысы келіп, бойындағы жақсы қасиеттерді - мақсатқа талпынушылық, сенімділік және еңбекқорлық деген қасиеттерін дамытып жатыр. Сенің әрбір жеңісін - біздің бокстың жеңісі, Қазақстанның даңқы мен мақтанышы. Әрқашан және әр жерде бірінші бол!

Реклама
Реклама

Саған зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен отбасына амандық тілеймін! Сәттілік пен жеңіс әрдайым қасында жүрсін!", - делінген Қазақстан бокс федерациясы сайтында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама