09 маусым 2019 10:31

Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміздің мақтанышы - Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 9, 2019

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды.

Ал жекпе-жектен соң Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізген еді.  

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram