ПОДЕЛИТЬСЯ
28 шілде 2021 | 09:21
Токио Олимпиадасы: боксшы Надежда Рябец алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
Токио Олимпиадасына аттанған қазақстандық жалғыз боксшы қыз Надежда Рябец ширек финалға шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Токио Олимпиадасына аттанған қазақстандық жалғыз боксшы қыз Надежда Рябец ширек финалға шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рябец 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. 1/8 финалда канадалық Тамара Тибомен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 1:4 есебімен жеңілді.
20 жастағы Надежда Рябец - Қостанай қаласының тумасы. 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға қатысып, қола медаль иеленген.
Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасынан үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также