Токио Олимпиадасы: боксшы Зәкір Сафиуллин келесі кезеңге шықты

Токио Олимпиадасы: боксшы Зәкір Сафиуллин келесі кезеңге шықты Фото olympic.kz сайтынан

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасында 1/8 финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасында 1/8 финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сафиуллин алғашқы кезеңде перулік Леодан Пезо Сабойямен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. 

Зәкір Сафиуллин Түркістан облысында туған. Құрамадағы тәжірибелі боксшылардың бірі, жасы 34-те. Азия чемпионатына екі мәрте күміс жүлдегер атанған. 

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Теміржанов та 1/8 финалға жолдама алған еді. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында бір медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама