31 шілде 2021 15:42

Токио Олимпиадасы: Зәкір Сафиуллин жекпе-жек өткізбей, ширек финалға шықты

Фото olympic.kz сайтынан

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин жекпе-жек өткізбей, ширек финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин жекпе-жек өткізбей, ширек финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы жапониялық Дайсуке Нариматсу жарақат алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сафиуллин алғашқы кезеңде перулік Леодан Пезо Сабойямен кездескен болатын. Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңген еді. 

Реклама
Реклама

Зәкір Сафиуллин Түркістан облысында туған. Құрамадағы тәжірибелі боксшылардың бірі, жасы 34-те. Азия чемпионатына екі мәрте күміс жүлдегер атанған. 

Еске салайық, бұған дейін 52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов өнер көрсетіп, 1/8 финалда француз Билал Беннамды жеңді. Есеп - 5:0. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram