05 шілде 2022 | 10:09

"Түкіргенім бар". "Канело" Головкинмен трилогия алдында мәлімдеме жасады

©beIN SPORTS

Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен трилогияда екінші айқастағы тактиканы қолданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен трилогияда екінші айқастағы тактиканы қолданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Головкинмен жекпе-жекті жиі көре бермеймін. Мен барлық айқастарымды қайталап көремін, бар болғаны сол. Екінші кездесуде ең жақсы гейжоспар болды. Трилогияда соны қолдану керек. 

Трилогия екінші жекпе-жекке ұқсас өтеді, бірақ, өзімді күштірек сезінемін. Айырмашылық осыда. Головкин мықты, алайда, ол күштірек бола түсті ме білмеймін. Онымен жұдырықтасу керек, сосын айтамын. Ал жалпы, ол сол күйі ме жоқ па, түкіргенім бар. Мен жақсылап дайындаламын. Ол күштірек болып келсе де бәрібір. Қазір ол менің қарсыласым және оны сабағым келеді", - дейді Сауль. Оның сөзін Fightnews.info сайты келтірді. 

Еске салайық, Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная