Уайлдерді жеңген Фьюри шаршы алаңда ән айтты

© insider.com

Ұлыбританиялық Тайсон Фьюри америкалық Деонтей Уайлдерді жеңгеннен кейін шаршы алаңда ән айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлыбританиялық Тайсон Фьюри америкалық Деонтей Уайлдерді жеңгеннен кейін шаршы алаңда ән айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сыған королі" сәтті жекпе-жектен соң ән айтқанды ұнатады. Реваншта мерзімінен бұрын жеңіп, ол қолына микрофон алып Дон Макклиннің American Pie әнін орындады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ұлыбританиялық Тайсон Фьюри америкалық Деонтей Уайлдерді жеңіп, суперауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып алды. Жекпе-жек Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтті.

Ұлыбританиялық боксшы қарсыласын үшінші және бесінші раундта нокдаунға түсірді. Жетінші раундта кездесудің төрешісі жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша ұлыбританиялық 31 жастағы боксшы жеңіске жетті. 

Қос боксшы 2018 жылы желтоқсанда жұдырықтасқан еді, ол кезде кездесу тең аяқталған болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама