Украиналық боксшы Василий Ломаченко чемпиондық белбеуінен бас тартты

© Українські Новини

Украиналы? боксшы Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) чемпионды? белбеуіні? бірінен бас тартты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Украиналық боксшы Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) чемпиондық белбеуінің бірінен бас тартты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Еске салайық, украиналық боксшы 12 мамырда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінде венесуэлалық Хорхе Линаресті (44-4, 27 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) WBA титулын иеленді. 2016 жылы маусымда ол екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы пуэрторикалық Роман Мартинесті (29-3-3, 17 КО) нокаутқа түсіріп, артынша төрт рет осы белбеуді сәтті қорғаған еді. 

Бүкіләлемдің бокс ұйымының (WBO) ресми парақшасында Ломаченконың екінші жартылай жеңіл салмақта белбеуден бас тартқанын мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

Украиналық боксшының мүддесін қорғайтын Top Rank Promotions промоутерлік компаниясының вице-президенті Карл Моррретти WBO президенті Франсиско "Пако" Валкарсельге чемпионның шешімі жайлы мәлімдеген. 

"Құрметті Пако, сенің жағдайың жақсы деп ойлаймын. Василий Ломаченконың атынан жазып отырмын. Өзің білетіндей 12 мамырда Василий салмақта көтеріліп, Хорхе Линаресті жеңіп, WBA белбеуін иеленді. Ломаченко спорттық мансабын жеңіл салмақта жалғастырғысы келеді. Біз WBO ұйымына құрметпен қарайтын болғандықтан, осы салмақтағы басқа да боксшыларға мүмкіндік беруді шештік", - делінген хатта. 

"Біз саған және WBO ұйымына алғыс білдіреміз. Ломаченок о баста WBO титулы үшін айқасып, қорғап жүрді. Ендігіде жеңіл салмақта WBO белбеуі үшін жұдырықтасқымыз келеді. Лостығыңыз бен қолдауыңыз үшін рақмет", - деді Морретти Валкарсель.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама