Ұлыбританиялық боксшы Головкинді допинг қолданды деп айыптады

© Getty Images

WBO т?жырымы бойынша орта салма?та ?лем чемпионы Билли Джо Сондерс WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша осы салма?та?ы ?лем чемпионы Геннадий Головкинні? америкалы? Дэниэл Джейокбсты неліктен б?рын?ыдай ?ар?ынмен мерзімінен б?рын же?бегеніне ?атысты пікір білдірді. Ол Головкин допинг ?олданды деген болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Билли Джо Сондерс WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің америкалық Дэниэл Джейокбсты неліктен бұрынғыдай қарқынмен мерзімінен бұрын жеңбегеніне қатысты пікір білдірді. Ол Головкин допинг қолданды деген болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

"Шындыққа тура қарайықшы, соңғы жекпе-жегінде Головкин біз екі-үш жыл бұрын көріп жүрген өзінің мықты нұсқасын байқатпады. Ол баяулаған. Меніңше, мұның барлығы Джейкобспен жекпе-жегінің алдында өткен бес бірдей допинг-сынағына байланысты болып отыр. Америкада бұл қалай өтетіні жайлы менің ойым осылай. Ол өз мүмкіндігінің шыңында жұдырықтаса алмады, себебі осы жекпе-жек әділ өтті", - деп келтіреді Сондерстің сөзін басылым.

Еске салайық, Головкин биыл наурызда Нью-Йоркте Джейокбсты төртінші раундта нокдаунға түсіріп, 12 раундтың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңген еді. Америкалық боксшы қазақстандыққа қарсы 12 раунд бойы шыдас берген тұңғыш боксшы болды. Сондай-ақ, Джейкобс Головкиннің мерзімінен бұрын аяқтап келе жатқан жеңіс жолын тоқтатты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама