Уордтың бапкері Джейкобсты жаттықтыруы мүмкін

Уордтың бапкері Джейкобсты жаттықтыруы мүмкін © boxingscene.com

?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? бапкері Абель Санчес Андре Уордты? бапкері Вирджил Хантерді? Дэниэл Джейкобсты жатты?тыру?а ша?ырту ал?анды?ы туралы ?з пікірін білдірді. 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Андре Уордтың бапкері Вирджил Хантердің Дэниэл Джейкобсты жаттықтыруға шақырту алғандығы туралы өз пікірін білдірді. 

"Менің ойымша, Вирджил тамаша бапкер, мен оны жақсы құрметтеймін. Егер Андре Розье Джейкобсты жаттықтыруға Вирджилды шақырған болса, ол оның өз ісі. Джейкобс спорт мансабындағы ең үлкен кездесуіне шығайын деп жатыр. Әр бапкердің өз тәсілі бар. Олар бір-бірін бұрыннан таниды және екі ұлы маманның бұрышта тұрғаны бір адамнан әлдеқайда жақсы", - деп келтіреді Санчестің сөзін boxingscene.com.

Осыған дейін Андре Розье Головкинмен өтетін жекпе-жекте Джейкобстың әр раунд сайын 100-ге жуық соққы жасап отыратынын мәлімдеген. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама