ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 сәуір 2017 21:06
Уордтың менеджері Путинді бәстесуге шақырды
Андре Уордты? менеджері Джеймс Принс Ресей президенті Владимир Путинге америкалы? боксшы мен ресейлік Сергей Ковалев арасында?ы реваншты? кездесуді? ?орыстындысын д?л табу?а ша?ырды, - деп жазады TMZ.
Андре Уордтың менеджері Джеймс Принс Ресей президенті Владимир Путинге америкалық боксшы мен ресейлік Сергей Ковалев арасындағы реванштық кездесудің қорыстындысын дәл табуға шақырды, - деп жазады TMZ.
"Егер Лас-Вегастағы жекпе-жекке Владимир Путин келсе біздің қуанышымызда шек болмас еді. Егер ол келетін болып, жекпе-жекті тамашалйтын болса Ковалевтың нокаутқа түскен сәтін көруге таңғалмасын. Мен Путинмен бәстесер едім. 500 мың долларға? Одан да ірі сомаға бәстесуге болады", - деді Принс.
Ковалев пен Уорд 17 маусымда реванштық кездесу өткізеді. Жекпе-жек орта ауыр салмақта өтеді және бас жүлдеге үш белбеу қойылған - WBA, WBO және IBF.
2016 жылдың қарашасында төрешілердің бірауыздан шешкен қорытындысы бойынша (113:114) америкалық боксшыдан жеңіліп, барлық титулдарынан айырылған болатын.
34 жастағы ресейлік боксшы 30 рет жекпе-жекке шығып, 26 рет кездесуді мерзімінен бұрын (нокаут) аяқтаған. Сонымен қатар бір рет жеңілген және бір рет тең түскен. 33 жастағы Уорд 31 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу