Үшінші қазақстандық боксшы 2023 жылғы әлем чемпионаты финалына шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/drs_kz/

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

67 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз жартылай финалда Грузия елінен келген Лаша Грулиден айласын асырды.

Реклама
Реклама

Дулат тәжірибелі боксшыға қарсы шебер жұдырықтасты. Қорғанатын сәтте қорғанып, шабуылдайтын тұсын оңтайлы пайдалана білді. Жаттықтырушылардың ақыл-кеңесін де ұмытпай, сәтті жүзеге асырды. Нәтижесінде 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (-48 кило) мен Махмұд Сабырхан (-54 кило) финалға шыққан болатын. Кешкі сессияда команда капитаны Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама