Василий Ломаченко чемпиондық атағын қорғап қалды

Украиналы? к?сіп?ой боксшы Василий Ломаченко Нью-Йоркте ?ткен бокс кешіні? басты кездесуінде кубалы? боксшы Гильермо Ригондоны же?іп, екінші жартылай же?іл салма?та WBO чемпионды? ата?ын ?ор?ап ?алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко Нью-Йоркте өткен бокс кешінің басты кездесуінде кубалық боксшы Гильермо Ригондоны жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпиондық атағын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Madison Square Garden кешеніндегі жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Алайда 7 раундтан кейін Бостандық аралының боксшысы кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Василий Ломаченко мен Гильермо Ригондо әуесқой бокста ауыз толтырып айтатындай жетістікке жеткен боксшылар. Кубалық 2000 және 2004 жылдары, украиналық 2008 және 2012 жылдары Олимпиада чемпионы атанған.

Реклама
Реклама

Украиналық боксшы кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Ригондо спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама