Василий Жиров бірінші ауыр салмақта тарихтағы үздік боксшылардың тізіміне енді

Василий Жиров бірінші ауыр салмақта тарихтағы үздік боксшылардың тізіміне енді © Vesti.kz

1909 жылдан бері шы?арылып келген Boxing News журналы бірінші ауыр салма?та осы кезге дейінгі ?здік боксшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

1909 жылдан бері шығарылып келген Boxing News журналы бірінші ауыр салмақта осы кезге дейінгі үздік боксшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл тізімге Қазақстанның тәуелсіздік алғалы ең бірінші Олимпиада чемпионы атанған әрі Вэл Баркер кубогының (Олимпиада-1996) иегері және бұрынғы әлем чемпионы "Балхаштық жолбарыс" лақап атымен әлем жұртшылығына танылған Василий Жиров та бар. Ол тоғызыншы орында тұр. 

"Ауыр салмақта жолы болмаған, алайда бірінші ауыр салмақта IBF нұсқасы бойынша мінсіз өнер көрсеткен Жиров король еді. Бірақ оның жолын Джеймс Тони кесті", - деп жазды басылым. 

Реклама
Реклама

Кәсіпқой бокста Жиров 42 жекпе-жек өткізді, оның 38-інде жеңіске жетті (32 КО), үш рет жеңілді және бір рет тең түсті. 

Boxing News нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта осы кезге дейінгі үздік боксшылар тізімі мынадай:

1. Эвандер Холифилд (АҚШ)
2. Карлос Де Леон (Пуэрто-Рико)
3. Анаклет Вамба (Франция)
4. Хуан Карлос Гомес (Куба)
5. Дуайт Мохаммед Кави (АҚШ)
6. Дэвид Хэй (Ұлыбритания)
7. Джеймс Тони (АҚШ)
8. Джонни Нельсон (Ұлыбритания)
9. Василий Жиров (Қазақстан)
10. Жан-Марк Мормек (Франция).

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама