WBА рейтингінде Қанат Исламның салмағындағы жаңа чемпионның есімі жарияланды

© boxingscene.com

Б?кіл?лемдік бокс ассоцияциясы (WBА) бірінші орта салма?та?ы жа?а чемпионны? есімі жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүкіләлемдік бокс ассоцияциясы (WBА) бірінші орта салмақтағы жаңа чемпионның есімі жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа чемпион - 28 жастағы аргентиналық боксшы Брайан Кастаньо (14-0, 10 КО). Ол бұған дейін осы салмақтағы WBA белбеуінің уақытша чемпионы болған еді. WBA Regular белбеуі Деметриус Андраденің (25-0, 16 КО) орта салмаққа ауысқаннан кейін бос тұрған болатын.

ESPN басылымының мәліметі бойынша, бір салмақта чемпиондық белбеулерді қысқарту үшін WBA жақын арадағы осы салмақтағы WBA (Super) белбеуінің иегері Эрисланди Лара (25-2-2, 14 КО) мен Кастаньо арасындағы кездесуді ұйымдастыруға ниетті.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы WBA рейтингінде отандасымыз Қанат Ислам (25-0, 20 КО) көш бастаған еді. Ал өткен аптада аргентиналық тілшілер Кастаньоның алдағы уақыттағы қарсыласы Ислам болатынын айтып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама