ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 тамыз 2018 10:45
WBC Головкин - "Канело" қарымтасына арналған арнайы белбеуді көрсетті
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жекке арналған арнайы белбеуді ресми түрде көпшілік алдында көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Белбеуді Мексиканың Чьяпас штатының халық шеберлері жасады, ал дизайнын таңдауға жанкүйерлер қатысты. Белбеу кеше, 23 тамызда көрсетілді. Бұл шараға WBC президенті Маурисио Сулейман қатысты.
© WBC
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу