ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 желтоқсан 2017 09:39
WBC президенті Головкин - "Канело" реваншын өткізуге таптырмас орынды атады
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің реваншын өткізуге болатын қолайлы жерді атады, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, WBC президенті жекпе-жектің Мехикода болғанын қалайды. Айта кетейік, жақында Головкин WBC аясында өткен бірнеше қайырымдылық акциясына қатысу үшін Мексика астанасына барып қайтқан болатын.
"Менің ойымша, Mexico City Arena осы жекпе-жекті өткізуге жақсы орын болар еді", - деді Маурисио Сулейман.
Еске сала кетейік, боксшылар осыған дейін 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен болатын. Ол кезде Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен тең түскен еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу