WBC президенті Головкинге лайықты қарсыласты атады

Б?кіл?лемдік бокс ке?есіні? (WBC) президенті Маурисио Сулейман аргентиналы? Хорзе Себастьян Хейландты? (28-4-2, 15 КО) ?аза?станды? Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек ?ткізуге лайы? екенін м?лімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман аргентиналық Хорзе Себастьян Хейландтың (28-4-2, 15 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек өткізуге лайық екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Хейлан WBC рейтингінде орта салмақта бірінші орында тұр, ал Головкин бұл ұйымның чемпионы. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдарының иесі.

"Хейландқа WBC кең қолдау білдіреді, ол жақсы жігіт. Жақында әйелі босанды, ол осы мүмкіндікке лайық. Бірақ бұл жағдайда аса сақ болуымыз керек. Бәріміз білетіндей, Геннадий Головкин біздің чемпион болу үшін екі жыл бойы үміткер болған", - деп мәлімдеді Маурисио Сулейман.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы Головкинды Джейкобспен жұдырықтасу үшін келісімшарт жасасуға 30 күн берген.

Сонымен қатар, WBA гонорарды бөлуде де Головкин жағына шыққан, ал бұл әрекет промоутер Том Леффлердің ойынша, Джейкобспен келісімшарт жасасуға қиындықтар туғызады. Әзірше алдын ала промоутерлік сауда 22 қазанға белгіленген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама