WBC президенті Головкиннен "Канелоның" допингін ұмытуын өтінді

© BoxingScene.com

Б?кіл?лемдік бокс ке?есіні? (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салма?та?ы WBA (Super) ж?не IBO т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) мексикалы? Сауль "Канело" Альваресті? (49-1-2, 34 КО) допинг дауына іліккенін ?мытуын ?тінді, - деп хабарлайды boxingscene.com.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг дауына іліккенін ұмытуын өтінді, - деп хабарлайды boxingscene.com.

Головкин бірнеше ай бұрын кленбутеролмен ұсталған "Канелоның" шамына тиіп жүр. Сулейменнің ойынша, бұл кездесуге негатив жарнама жасамау үшін боксшыларға өткенді ұмытқан дұрыс.

"Меніңше, "Канелоның" допинг дауына қатысты ісі өткен дүние. Тесттер "Канелоның" допингті әдейі қолданбағанын көрсетті. Барлық көрсеткіш кленбутерол оның қанына бұзылған ет арқылы түскенін айқындады. Мен де оны ұмытқан жөн деп санаймын. Барлық назар шаршы алаңда ауғаны жөн. "Канело" жеңетін болса, Головкин оның жеңісін мойындауы керек. "Канело" VADA үйымдастырған бағдарламаға да өз еркімен келді. "Канело" тәжірибелі боксшы. Ол енді Головкинді жеңе алатынын дәлелдеуі керек. Бірақ Головкин чемпион. Сондықтан Головкин көп нәрсені дәлелдеуі қажет", - деді Сулейман.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуі Лас-Вегас (Невада штаты) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама