Жанат Жақиянов WBA рейтингінде көш бастады

Жанат Жақиянов WBA рейтингінде көш бастады Жанат Жақиянов. © vk.com/kazboxing

Қазақстандық Жанат Жақиянов (26-1, 18 КО) аса жеңіл салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегін Монакода өткізгені белгілі, ол кезде Жақияновтың қарсыласы венесуэлалық Йонфрез Парехо болды. Ол Парехоны ұпай айырмасымен жеңген болатын. Монте-карлода өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Осылайша, Жанат WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып ала алды.

Рейтингте оның отандастары Қанат Ислам мен Бейбіт Шүменовтің қандай орындарға жайғасқандары туралы толығырақ мына жерде оқуға болады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама