Жанат Жақиянов WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

Жанат Жақиянов пен Йонфрес Парехо. © vk.com/kazboxing

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) аса жеңіл салмақта WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехоны (17-1-1, 8 КО) ұпай айырмасымен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Монте-карлода өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жанат Жақияновтың жекпе-жегін KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Осылайша, қазақстандық боксшы WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып ала алды. 

Еске салайық, ертең, 8 қарашада таңғы 08.00-де қазақ боксшысы Қанат Ислам Доминикан Республикасының боксшысы Джонатан Батистамен жұдырық түйістіреді. Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBA Fedelatin атағын екінші рет қорғайтын болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама