ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 қараша 2015 01:34
Жанат Жақиянов WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) аса жеңіл салмақта WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехоны (17-1-1, 8 КО) ұпай айырмасымен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Монте-карлода өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жанат Жақияновтың жекпе-жегін KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Осылайша, қазақстандық боксшы WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып ала алды.
Еске салайық, ертең, 8 қарашада таңғы 08.00-де қазақ боксшысы Қанат Ислам Доминикан Республикасының боксшысы Джонатан Батистамен жұдырық түйістіреді. Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBA Fedelatin атағын екінші рет қорғайтын болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу