Жанат Жақиянов және Роуши Уоррен жекпе-жек алдында көз арбасты

Жанат Жақиянов және Роуши Уоррен жекпе-жек алдында көз арбасты © boxingscene.com

WBA т?жырымы бойынша "суперчемпион" Роуши Уоррен мен WBA белбеуіні? иегері ?аза?станды? Жанат Жа?иянов к?з арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі.

WBA тұжырымы бойынша "суперчемпион" Роуши Уоррен мен WBA белбеуінің иегері қазақстандық Жанат Жақиянов көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Америкалық және қазақстандық боксшы ертең АҚШ-тағы Толедо қаласында жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте 29 жастағы Уоррен жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпион атағын қорғайды.

Бүгін боксшылар көз арбасып, тілшілермен сұхбаттасты.

Реклама
Реклама

"Бұл мен үшін аса маңызды жекпе-жек. Мен әлем "суперчемпионымын", дегенмен, әлі көп нәрсе істеуім керек. Жеңіл салмақтағы барлық белбеуді жинағым келеді. Бірінші кедергі - чемпиондық атағымды қорғау. Жақияновты жеңгеннен кейін белбеулерімді ары қарай қорғауға дайынмын", - деді баспасөз жиыны барысында Уоррен.

Айта кетейік, бұл Жақияновтың АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі. Бұған дейін ол 12 елде жұдырықтасқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама