Жәнібек Әлімханұлы Рио Олимпиадасының ширек финалына шықты

75 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Риодағы Олимпиада ойындарында ширек финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

1/8 финалда 23 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы өзімен құрдас алжирлік боксшы Ильяс Аббади болды. Бірінші раундта Әлімханұлы сенімді түрде өнер көрсетіп, қарсыласына ауыр соққылар жасады. Төрешілер бірінші раундты қазақстандықтың пайдасына шешті.

Реклама
Реклама

Екінші раундта да Әлімханұлы басым болды. Ол өзінің қарсыласының қорғаныстағы қателіктерін пайдаланып, жақсы соққылар жасады. Соңында екінші раунд та қазақстандықтың пайдасына шешілді. Үшінші раундта да алжирлік боксшы қазақстандыққа айтарлықтай жауап қайтара алмады. Төрешілердің бір ауыздан шешкен қорытындысы бойынша, есеп - 3:0  (30:27, 30:27, 30:27).


© АҒР

Еске салайық, 1/16 финалда Әлімханұлы ағылшын боксшысы Энтони Фаулермен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын. Есеп 3:0 (30:27, 30:26, 30:26).

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама