Жәнібек Әлімxанұлы Рио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады

Жәнібек Әлімxанұлы Рио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады © Ізтұрған Алдаубаев

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жәнібек Әлімxанұлы Рио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ширек финалда отандасымыз әзірбайжандық боксшы Камран Шахсуварлымен кездесті. Бірінші раундта әзірбайжандық басым болды. Екінші раундтың қорытындысы бойынша бір төреші отандасымызға ұпай берсе, екеуі әзірбайжандықтың пайдасына шешті. Ал үшінші раундта Шахсуварлы айқын басымдығын көрсетті.

Айта кетейік, осыған дейін 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Олжас Сәттібаев Рио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтаған болатын. Олжас Сәттібаев 1/8 финалда әзірбайжандық Эльвин Мамишзадеден жеңілді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама