Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінің ТОП-15 тізіміне енді

© instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңгеннен кейін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде ТОП-15 тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңгеннен кейін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде ТОП-15 тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Өткен демалыста Фреснодағы Chukchansi Park аренасында Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен кездескен. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, бірақ алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, кейін нокаутқа түсірген.

Осы жеңісінен кейін Әлімханұлы WBC рейтингіне еніп, 15-орынға тұрақтады. 

Реклама
Реклама

Осылайша, Әлімханұлы титулын қорғап, сегіз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, оның төртеуі - нокаутпен. Онолуносе болса, 24 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, үшінші рет жеңілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама