Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды

?уес?ой бокстан 2013 жыл?ы ?лем чемпионы Ж?нібек ?лімхан?лы жа?ында к?сіп?ой бокста?ы ал?аш?ы дебюттік кездесуін ?ткізеді, - деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
 
Осы жылды? 29 ?азанында Алматыда ?анат Ислам WBA (Interim) т?жырымы бойынша уа?ытша ?лем чемпионы ата?ына таласады. Б?л жерлесімізді? 22-ші кездесуі болма?. Ол б??ан дейін 21 кездесуді? барлы?ында же?іске жеткен. ?анат ганалы? Патрик Аллотеймен жолы?ады.

Әуесқой бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жақында кәсіпқой бокстағы алғашқы дебюттік кездесуін өткізеді, - деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
 
Осы жылдың 29 қазанында Алматыда Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағына таласады. Бұл жерлесіміздің 22-ші кездесуі болмақ. Ол бұған дейін 21 кездесудің барлығында жеңіске жеткен. Қанат ганалық Патрик Аллотеймен жолығады.

Осы бокс кешінің андеркартында тағы бірнеше қазақ боксшылары өнер көрсетеді. Олардың арасында Жанқош Тұраров, Айдар Шәріпбаев, Айдос Ербосынұлы, Әли Ахмедов, Руслан Мырсатаев және Жәнібек Әлімханұлы бар. Соңғысы алғаш рет кәсіпқой бокс рингіне шықпақ.

Рио Олимпиадасының қатысушысы үшін бұл дебюттік кездесу. Қарсыласы - колумбиялық Милтон Нунез. Ол бұған дейін шаршы алаңда 50 кездесу өткізген. Соның 33-інде жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама

Бірақ боксшы кәсіпқой боксқа ауысу туралы әзірге толық шешім қабылдамаған. Нақты шешімді алдағы уақытта қабылдайтын болады. Әзірге ұлттық құраманың демалысын пайдаланып, өзін кәсіпқой бокста бір мәрте сынап көруді жөн санап отыр екен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама