Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) рингке наурызда оралады. Бұл туралы қазақстандықтың менеджері Эгис Климас хабарлады. 

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) рингке наурызда оралады. Бұл туралы қазақстандықтың менеджері Эгис Климас хабарлады. 

WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері Әлімханұлы бұған дейін 2020 жылға үлкен жоспарлар құрып отырғанын айтқан еді. Қазақстандық боксшы чемпиондармен жұдырықтасуды қалайды. 

Жарнама
Жарнама

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 10 қарашада Фреснода (Калифорния штаты, АҚШ) канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, титулдарын қорғап қалған. 

2019 жылы қазақстандық боксшы рингке төрт рет шығып, бәрін жеңіспен аяқтаған. Үш кездесуді нокаутпен жеңген еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама