Жанкүйерлер Головкинді Мейвезерге ең мықты қарсылас деп тапты

Жанкүйерлер Головкинді Мейвезерге ең мықты қарсылас деп тапты © BoxingPlanet.ru

Америкалы? боксшы Флойд Мейвезер кіші (49-0, 26 КО) к?сіп?ой рингке ?айтып орал?ан жа?дайда о?ан е? мы?ты ?арсыласты та?дау?а арнал?ан дауыс беруде WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) же?іске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер кіші (49-0, 26 КО) кәсіпқой рингке қайтып оралған жағдайда оған ең мықты қарсыласты таңдауға арналған дауыс беруде WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN телеарнасының сарапшысы, белгілі бокс шолушысы Дэн Рафаэль дауыс беруді Twitter желісіндегі парақшасында жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, 1-орында 45 пайыз дауысты жинаған Головкин көш бастады.

Ал 2-орында UFC чемпионы Конор МакГрегор тұр. Ол дауыс берушілердің 24 пайыз дауысын жинаса, 3-орында 19 пайыз дауыс жинаған Дэнни Гарсия бар. Айта кетейік, дауыс беруге 11 588 адам қатысты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама