ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 ақпан 2017 10:30
Жанкүйерлер Головкинді Мейвезерге ең мықты қарсылас деп тапты
Америкалық боксшы Флойд Мейвезер кіші (49-0, 26 КО) кәсіпқой рингке қайтып оралған жағдайда оған ең мықты қарсыласты таңдауға арналған дауыс беруде WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ESPN телеарнасының сарапшысы, белгілі бокс шолушысы Дэн Рафаэль дауыс беруді Twitter желісіндегі парақшасында жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, 1-орында 45 пайыз дауысты жинаған Головкин көш бастады.
Ал 2-орында UFC чемпионы Конор МакГрегор тұр. Ол дауыс берушілердің 24 пайыз дауысын жинаса, 3-орында 19 пайыз дауыс жинаған Дэнни Гарсия бар. Айта кетейік, дауыс беруге 11 588 адам қатысты.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу