Жекпе-жек болмайды - Билли Джо Сондерс

© СПОРТ bigmir)net

Орта салма?та WBO т?жырымы бойынша ?лем чемпионы ?лыбританиялы? боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) жекпе-жекті ?йымдастыру?а келісім ала алма?анын м?лімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) жекпе-жекті ұйымдастыруға келісім ала алмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Соңғы кездері Сондерстің өкілдері орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) командасымен келіссөздер жүргізіп жатты. Астанада маусым айында өтуі мүмкін бокс кешінде Головкинге басты қарсылас ретінде осы ұлыбританиялық боксшы болады делінген.

Сондерс мәлімдемесінде келіссөздердің неліктен іске аспауының себебін айтпады. Сонымен қатар, ол кіммен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы да тіс жармады. Барлық сұрақтар бойынша өзінің промоутері Фрэнк Уорренге хабарласуды сұрады. "Жекпе-жек болмайды. Менен емес, Фрэнк Уорреннен сұраңыздар. Болмашы істермен айналысқым келмейді. Tesco (Ұлыбританияның супермаркеттер желісі - редакция.) дүкендерінен жұмыс іздеп көрсем деймін", - деп жазды Сондерс Twitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама