Жекпе-жек кезінде Джейкобске Головкинді жеңуге мүмкіндік туады - Роберт Гарсия

© AllBoxing.ru

Америкалы? белгілі бапкер Роберт Гарсия ?аза?станды? Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасында?ы жекпе-жектен не к?тетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық белгілі бапкер Роберт Гарсия қазақстандық Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бапкердің ойынша, бұл жекпе-жек Джейкобске оңайға соқпайды, алайда, оның Головкинді жеңуге мүмкіндігі бар.  

"Егер Джейкобстың жақсы жоспары болып, оны ұстанса, Головкинді жеңуге мүмкіндігі бар. Ол дарынды, күшті әрі ісіне толық берілген. Бұл оның маңызды кездесуі. Оңай болмайды. Мен Головкинге сенімдімін, бірақ, Джейкобс жақсы жұдырықтасуы мүмкін", - дейді Гарсия Dontae's Boxing Nation басылымына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама