Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Головкинмен өткізген алғашқы спаррингі жайында айтып берді

© Fightnews.info

Орта салма?та?ы же?іліп к?рмеген америкалы? боксшы Давид "El Bandera Roja" Бенавидес (18-0, 17 КО) ?аза?станды? боксшы Геннадий Головинмен ал?аш?ы рет кездескендегі ?серімен б?лісті ж?не GGG-ді? е? к?шті со??ысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі. 

Орта салмақтағы жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Давид "El Bandera Roja" Бенавидес (18-0, 17 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головинмен алғашқы рет кездескендегі әсерімен бөлісті және GGG-дің ең күшті соққысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Алғаш рет кездестіргенімде оның кім екенін білмедім. Big Bear лагеріне алғаш келуім еді, әкем мына жігітпен спаррингке шығасың деді. Мен рингке қарағаным есімде: ол дайындалып жатты да, маған өткір көзін бір тастады. Селт ете түскенім рас. 15 жасыңда Головкинмен спаррингке шығу қалай болатынын ойлап көріңіз. Ол тым күшті еді, дегенмен, шыдадым және көп нәрсе үйрендім. 

Кейін мені тағы спаррингке шақырды. Головкин сияқты чемпионмен жаттығу өткізу үлкен абырой. Ол өте мықты, сол үшін көбірек ойланып, өзіне қарай шабуылдауды үйрендім. Бұл лагерьде болу керемет. Бір байқағаным, Головкин қарсы соққы жасауға ыңғайлы сәтті күтеді. Джебі ауыр. Қысқа соққылар жасап, шаршатып тастайды. Сосын оң оверхэнді ауыр тиеді. Өте қауіпті. Ал оның ең тамаша соққысы - денеге бағыттайтын сол жақ хугы. Сөзсіз мықты. Ол жоғарыға соққы жасайды, сіз қорғанамын деп қолды жоғары көтергенде, ішіңізден ұрады. Сосын ол дуалды тесіп өткісі келетіндей соғады.

Реклама
Реклама

Аяғымен қозғалысы да жақсы, Головкин үнемі ауыр соққы жасуға икемделеді. Ол менің жетістікке жетуіме көп көмектесті. Геннадий мықты боксшы. Айтарым осы. Біз керемет спаррнг-сессиялар өткізіп жүрміз", - дейді Бенавидес RingTV арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 20 жастағы Бенавидес қазақстандық боксшыға алдағы Дэниэл Джейкобске қарсы жекпе-жегі алдындағы жаттығуларына көмектесіп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама