Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтанов Ковалев-Шабранский жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

© Baistars.kz

?аза?станды? к?сіп?ой боксшы Мейірім Н?рс?лтанов (4-0, 3 КО) А?Ш-ты? Нью-Йорк ?аласында ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) пен украиналы? Вячеслав Шабраский (19-1, 16 КО) арасында ?нер к?рсететін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) пен украиналық Вячеслав Шабраский (19-1, 16 КО) арасында өнер көрсететін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Негізі әу баста бұл кеште 29 жастағы Мадияр Әшкеев жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ белгісіз себептерге байланыс Әшкеев өнер көрсетпейтін болды. Енді оның орнына 24 жастағы Нұрсұлтанов өнер көрсететін болды. Мейірімнің қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Еске салайық, Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, барылығында жеңіске жетті. Соңғы кездесуін ол 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, 50 секундта бразилиялық қарсыласы Исмаэль Буэноны жеңді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ковалев пен Шабранский арасындағы кездесу 25 қарашада өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама