Жеңіліп көрмеген Жүкембаев қарсыласын 64-ші секундта нокаутқа түсірді

Жеңіліп көрмеген Жүкембаев қарсыласын 64-ші секундта нокаутқа түсірді © Eye of The Tiger Management

Же?іліп к?рмеген ?аза?станды? боксшы Батыр Ж?кембаев Монреальда ?ткен бокс кешінде бірінші орта салма?та кездесу ?ткізіп, ?арсыласын 64-ші секундта нокаут?а т?сірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінде бірінші орта салмақта кездесу өткізіп, қарсыласын 64-ші секундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты жекпе-жегі жергілікті боксшылар Ив Юлисс (14-0, 9КО) пен Стив Кладжеттің (25-4-1, 17КО) кездесуі болған бокс кешінің андеркартында Жүкембаев Хосе Эмилио Переаны жеңді. 

Реклама
Реклама

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 10 жекпе-жегіндегі 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның тоғызын нокаутпен жеңген. Ал Переа осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ал жеңіс саны - 24 (15-і нокаутпен).

Бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы жұдырықтасты. 23 жастағы Сабыров кәсіпқой деңгейдегі үш кездесуінде үшінші жеңісін нокаутпен аяқтады. Ол 26 жастағы мексикалық Марио Баэсадан басым түсті.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама