Жеңіліп қалса әлем таңғалатындай боксшы емес - Мейвезердің ағасы GGG жайлы

Бес салма? д?режесінде ?лемні? б?рын?ы чемпионы Флойд Мейвезерді? (49-0, 26 КО) а?асы ?рі бапкері Джефф Мейвезер орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында ?тетін жекпе-жек туралы ?з ойын б?лісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезердің (49-0, 26 КО) ағасы әрі бапкері Джефф Мейвезер орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында өтетін жекпе-жек туралы өз ойын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша, жақсы жекпе-жек болады. Екі жігіттің де жеңіске деген үміті бар, мен бірақ Головкин жеңеді деп бәс тігемін. Кездесу нокаутпен аяқталады деп ойлаймын, себебі екі жігіт те керемет панчерлер және ұра алады. Екеуінің біреуі ұйқыға кетеді. Егер Джейкобс Головкинді нокаутқа түсірсе, әлем дүр сілкіне ме? Джейкобс өз үлесін алып, нөмірі бірінші боксшы болады. Бірақ мен Головкинді даңқты боксшы деп санамаймын, ол жеңіліп қалған күннің өзінде әлем қатты таңғала қоймас", - деді Джефф Мейвезер Mayweather Boxing Channel арнасына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама