Жүдеп кеткен Головкинның суреті әлемнің бұрынғы чемпионын шошытты

ВКонтакте желісінен

?лыбританиялы? ?лемні? б?рын?ы чемпионы, ?азірде Sky Sports тележ?ргізуші Дженни Нельсон баспас?з м?слихатында ?аза?станды? Геннадий Головкинны? на?ыз ?зіне лайы?ты ?алпында еместігін, я?ни ж?деп кеткенін, беті солып, к?зіні? асты ісіп кеткенін бай?а?ан, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Ұлыбританиялық әлемнің бұрынғы чемпионы, қазірде Sky Sports тележүргізуші Дженни Нельсон баспасөз мәслихатында қазақстандық Геннадий Головкинның нағыз өзіне лайықты қалпында еместігін, яғни жүдеп кеткенін, беті солып, көзінің асты ісіп кеткенін байқаған, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Головкинның жүдеп кеткені мені таңғалдырды. Мен оны бүгін емес, салмақ өлшеу кезінде сондай түрде болады деп ойлағанмын. Бұл жаңалық. Сонымен қатар, Головкин жаттығу лагерінде кешігіп жаттыққанын да естігенмін. Оның бұл әрекеті Брукты өзіне қарсылас көрмегені ме? Ол, әрине, қиын жекпе-жек болатынын айтады, алайда шамасын дұрыс бағаламаған секілді ме? Головкин өзіне мұндай еркіндік бере алмайды, себебі Брук жан аямай дайындалып жатыр. GGG бар атағынан айырылып қалмауы үшін, мұндай кемшіліктерге жол бермеуі тиіс", - деді Нельсон.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама