Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті © Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аспектілерін талқылады. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Украина мен Сириядағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, алдағы кездесулердің кестесі қарастырылды.

Еске салайық, мұның алдында Назарбаев Ақордада Мәскеудің бұрынғы әкімі Юрий Лужковпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Лужковтың Астана мен Мәскеу арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, оны өткен 80 жас мерейтойымен құттықтады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама