ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қараша 2019 | 10:19
5-20-25: Жаңа бағдарлама бойынша кімдерге баспана беріледі?
Қазақстанда баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, мұнда басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, мұнда басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Үкімет 2020-2025 жылға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.
"Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың" бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы - 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі", - деді Атамқұлов.
Оның айтуынша, "Бақытты отбасы" бағдарламасы кезектегілерге қолжетімді болып қала береді, олардың санатына кіретіндер - екі күнкөріс минимумы - 59,4 мың теңге табысы бар көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар.
"3,1 күнкөріс минимумы - 92 мың теңге табысы бар кезектегілер "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер болады, олар - әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға "7-20-25" бағдарламасы қолжетімді", - деді Атамқұлов.
Оның сөзінше, бес күнкөріс минимумы - 148,5 мың теңгеден жоғары табысы бар қазақстандықтар баспана алу үшін "Баспана-хит", "Орда", "Свой дом" секілді нарықтық бағдарламаларды пайдалана алады.
Показать комментарии
Читайте также