20 мамыр 2019 13:43

"7-20-25" бағдарламасы аясында қарыз беруге жеті мыңнан аса өтініш мақұлданды

Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 миллиард теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды. Оның ішінде 89,7 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 7 737 өтініш мақұлданды", - делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, "7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, "Баспана" ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram