14 қаңтар 2020 | 15:08

Адамдардың жағдайы жақсы екенін дәлелдегіміз келеді. Бірақ олай емес - Тоқаев кеңесшісі

Президенттің экономика саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Қазақстанда "тұрғын үй жетіспеушілігі" туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президенттің экономика саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Қазақстанда "тұрғын үй жетіспеушілігі" туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Экономикадағы еңбекақы қоры 20 триллион теңге болуы тиіс. Бірақ, БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) тек 8 триллионды тіркейді. Яғни 12 триллион көлеңкеде қалып тұр - бұл 60 пайыз. Олар бұдан қашады деген сөз емес, адамдар бұл зейнетақы жүйесіне сенбейді", - деді Құдайбергенов "Хабар 24" телеарнасындағы "Дөңгелек үстел" бағдарламасында.

Реклама
Реклама

Ол Үкімет ұсынған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға мерзімінен бұрын пайдалану жөніндегі оймен келіспейтінін айтты. 

"Баспаналық қаражатты кім ала алады? 120 мың адам. Осы аталған 120 мың адамның қанша бөлігінің үйі бар?Бәлкім 90 пайызында бар шығар. Тек он пайызы үшін ғана бұл жарамды. Бұл негізгі мәселені шешпейді. Бірінші қадам ретінде кемінде 300-400 мың адамды қамтыған жөн. Екінші қадамы ретінде осындай мүмкіндікті барлығы алатындай модель жасақталуы тиіс", - деді Құдайбергенов. 

Оның айтуынша, "Тұрғынүйжинақбанкі" және басқа да мембағдарламалар мәселені тек жартылай ғана шешеді екен. 

"Алты мемлекеттік құрылым, ТҚЖБ қоса алғанда, бізде 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Негізінде одан көп салу керек. 2 миллион шаршы метр - бұл тым аз сома", - деді сарапшы.

Жүргізушінің Құдайбергеновтің айтқанымен келіспейтінін айтқан кезде, маман бір анекдотты айтып берді. 

"Маман журналиспен сөйлесіп отыр. Журналист былай дейді: "Адамдар нашар өмір сүріп жатыр". Маман жауап береді: "Жоқ, адамдар жақсы өмір сүреді". Журналист айтады: "Бірақ адамдар басқаша айтып жатыр ғой". Осыған маман былай деп жауап береді: "Олар мұны ажырата алмайды ғой, олар маман емес". 

Яғни біз адамдардың жақсы өмір сүріп жатқанын дәлелдегіміз келеді. Шын мәнінде зейнетақы жүйесі де құрдымға кететін жүйе және тек 2 миллион шаршы метр тұрғын үй құрылысын қамтамасыз етеді. Адам басына шаққанда бізде тек 20 шаршы метрден келеді. Ал ескі әрі апатты тұрғын үйлерді (ауылды жерлердегі) алып тастайтын болсаңыз бұл көрсеткіш 16 шаршы метрге дейін түсіп кетеді. Ауыл тұрғындарының жаппай қалаға көшуі туралы айтар болсақ, қалада тұрғын үй жетіспеушілігі айтарлықтай. Осыған қарсылық білдіріп жатқандар-ақ дәлел болады. Адамдар көшеге екі мәселемен шығып жүр: тұрғын үй және жұмыс", - дейді Олжас Құдайбергенов.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная