07 маусым 2019 | 17:56

Ақтөбеде көпбалалы аналарға үй салынып жатыр

Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 ықшамауданындағы "Қызғалдақ" тұрғын үй кешенінен көпбалалы аналарға пәтер беріледі, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 ықшамауданындағы "Қызғалдақ" тұрғын үй кешенінен көпбалалы аналарға пәтер беріледі, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар"

"Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Center Group" компаниясымен бірлесіп, екі тұрғын үй салып жатыр. Бес қабатты тұрғын үйде 315 пәтер бар. Оның 75-і бір бөлмелі, 120-сы екі бөлмелі, 75-і үш бөлмелі және 45-і төрт бөлмелі болады. Алдағы уақытта коммерциялық пәтерлермен қатар көпбалалы, мұқтаж отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне осы тұрғын үйден баспана беріледі.

Реклама
Реклама

"Бұл "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының алғашқы жобасы. Біз 2 гектардан астам жер мен дайын жобалық-сметалық құжат бердік. Құрылыс компаниясы салып, бір бөлігін мемлекетке береді. 2019 жылдың аяғында құрылыс жұмысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Жоба құны - 3,1 миллиард теңге. Алдағы уақытта осы жолмен үй салу жұмысы жалғасады. Қазір жобаларымыз дайын", - деді "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылыс және жер қатынастары басқармасының бас менеджері Жамбыл Нұрбаев.

Айта кетейік, әлеуметтік салаға бағытталған тұрғын үйдегі пәтерлердің құны қолжетімді болады. Жобалау кезінде пәтерлердің аумағы ықшамдалған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная